• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:36:23
Алматы
+35°

Талас ауданының аумағындағы ХІ-ХІІ ғасырларға жататын Тамды қаласы антропогендік фактордың әсерінен жойылып бара жатыр. Сондықтан да бұл нысан Қазақстанның киелі жерлері картасына енгізілді. Аталған картаға өңірлік маңызы бар нысан ретінде енген Тамды қалашығына тарихшы-ғалымдардың назары қайтадан ауды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тамды қалашығындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын археологтар оның шаруашылық жұмыстарына байланысты бұзылған аумағына жүргізілді. Бұл жұмыстарды Отандық тарих, археология ғылымдарына белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуов жетекшілік ететін «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды. Аталған серіктестік мамандары қалашықтың бұзылып жатқан аумағынан археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы қаланың пайда болу, даму кезеңдеріне қатысты тың деректерді де тапты.

–Жалпы Тамды қалашығының орнынан үш тарихи кезеңді қамтитын қабаттар анықталды. Біздің археологтар тобы зерттеу жұмыстарын қаланың цитадель бөлігіне жүргізді. Нәтижесінде қалашықтың топыраққа көмілсе де сол күйі сақталған аумақтары жайында алдын-ала болжам жасай алдық. Цитадель іргесінде мұнара бар. Одан әрі қаланың ішіндегі тұрғын үйлердің де бірнеше бөлмесін топырақтан аршып алдық. Осы мәліметтер негізінде қаланың картасын әзірлеп, оның антропогнедік фактор әсерінен бүлінген бөлігін аспан асты мұражайы етіп жабдықтау жұмыстарының жоспары әзірленді, –дейді тарихшы-археолог Мадияр Елеуов.

Тарихшылардың пайымдауынша қазіргі Тамды қалашығы жазба мәліметтерде Барукет деп аталатын қаланың орны болуы мүмкін. Мәселен армян патшасы Гетум Тараз қаласынан кейін Хутухчин, Пергант қалаларының жанынан өткенін жазады. Мұндағы Хутухчин Майтөбе, ал Пергант (Берукет) Тамды қалашығы болуы мүмкін деген деректер де ұсынады.

Ал бір топ тарихшылар Тамды қалашығы жоғары да аталған қалалардың орнына емес өз алдына дербес қала ретінде іргесі қаланған деген пікірде. Олар қала атауының аңыздан желісіндеі әулие мен осы маңдағы, бұлақ, өзен атауымен байланыстырды. Аталған аңызға бұл маңға кезінде Қожа Ахмет Иассауидің табаны тиген екен. Әулиенің табаны тиген орнына шыққан бұлаққа оның Тамды аталатын шәкірті қарауыл болыпты. Сондықтан бұл бұлаққа да оның орны пайда болған өзенге де Тамдының аты беріліпті. Қазір қалашық маңында Тамды әулиенің бейіті мен оның атымен аталатын бұлақ бар. Соған қарағанда қалашық атауына қатысты осы аңызда шындыққа жанасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір