• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:20:24
Алматы
+35°

Талас ауданы аумағында өз заманында діни мінәжат ететін орын ретінде пайдаланып, әр жылдары Жамбыл облысының республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне алынған орынның бірі Қарақожа мешіті. Талас ауданы, Ойық ауылына қарасты Сейілбек елді-мекені аумағында бой көтерген нысанның құрылысына қатысты аңыз-әңгімелер жетерлік, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 

1909 жылы ХІХ ғасырдағы Шу-Талас өңірінің сәулеттік құрылыс үлгісінде салынған мешіт 9 күмбезді етіп жабылған. Оның қабырғалары төртбұрышты етіп күйдірілген кесекпен қаланған. Көпшіліктің намаз оқуына арналған залдағы михраб қуысы маңында бұл нысан құрылысының хижра жыл санауы бойынша 1327 жылы жүргізілгені жазылған.

Мешітке құрылысында 1945 жылдан бастап әр кезеңдерде тарихшы-ғалымдармен ғылыми-зерттеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бөлтірік шешен мемориалымен қатарлас орналасқан мешіт бұл күндері жергілікті тұрғындардың тәу ететін қасиетті орындарының бірі саналады. Тіпті бұл мештіке арнайы ат ізін салатындар да баршылық.

Ел арасындағы аңыз-әңгімелер Қарақожа мешітін салуға Жұпан ананың зор ықпалы болғаны айтылады. Текті әулетке келін болған Жұпан ана жұбайынан жастай айырылса да тағдырдың сынағына мойын бұрмай қайсарлық таныта білген жан. Оның ұйымдастыруымен жергілікті жұрт осы мешті құрылысына жылу жинайды. Сауапты іске шындап бел буған Жұпан ана мешіт құрылысын жүргізетін шеберлерді Ташкентті өзі барып алып келген екен.

Ал мешіттің атауы оның алғашқы имамы болған 14 жасар Қарақожаның құрметіне қойылады. Жастығына қарамай жұртты жаппай имандылық пен діни сауаттылыққа баули алған имам мешітті Кеңес одағы шындап күшіне енгенге дейін қасиетті діни орын ретінде ұстап тұра алды. Алайда азаматтық соғыстан кейін белең алған жаппай тәркіліеу, ұлы жұт, қуғын-сүгін жылдары мешіт жамағатынан айырылды. Арада уақыт өтіп заман тынышталған соң, ел тәуелсіздігіне қол жеткізіп Қазақстан әлемге зайырлы мемлекет ретінде үн қатқан жақта тарихи орынның мән-мазмұны артты. Бұл мешіттің де заманның аумалы-төкпелі шағында бұзылмай қалғандығына қатысты түрлі аңыз бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір