• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:25:07
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 Аймақтар

Жастарға жарқын жол сілтеуде

Жастарға жарқын жол сілтеу үшін пайдалы кеңестердің де тигізер әсері мол. Осыны ескерген Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, биылғы 27 мамыр - 4 шілде аралығында облыстық «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру алаңы жұмысы аясында Тараз қаласында, аудандар мен елді мекендерде болып, барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, Тараз қаласы мен аудандар бойынша кеңес беру алаңдарына 8983 адам қамтылды, оның 5174-і жастар. Бұл тұрғыда 7687 адамға кеңес берілген. Атап айтқанда білім беру саласы бойынша 2196, жұмыспен қамту бағытында 1082, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы 382, кәсіпкерлік тұрғысында 802, ауыл шаруашылығы секторында 361, дін бойынша 712, жер қатынастары саласында 566, пробация қызметі жайында 139, тұрғын үй алу үшін 837, мемлекеттік кірістер туралы 220, құқықтық бағытта 246, «Жас Отан» жастар қанаты бойынша 144 адамға кеңестер берілді.

Басқарма тек кеңес берумен шектелмей, жастардың шығармашылығын дамыуға да көңіл бөліп келеді. Бұл тұрғыда байқаулардың тигізер пайдасы зор. Үстіміздегі жылдың 7 маусымында «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен облыстың дарынды, талантты жастарын қолдау және таныту мақсатында ХV облыстық жастар Дельфийлік ойындары өткізілді. Облыс аудандары мен Тараз қаласынан іріктеу байқауларынан өтіп, облыстық байқауға жолдама алған 400-ге жуық жас өнерпаздар 19 номинация бойынша сайысқа түсті. Конкурс екі жас санаты бойынша: кіші топ 10-15 жас және үлкен топ 16-25 жас аралығында өткізілді. Әрбір номинация бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. ХV облыстық Дельфийлік ойындарының жеңімпаздары Ұлттық Дельфийлік ойындарға жолдама алды.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады. Әсіресе, жастардың шығармашылығын шыңдауға көптеп көңіл бөлінбек.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір