• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:53:10
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қазан, 2019 Аймақтар

Құрылыста қырағылық пен дәлдік қажет

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құрудың өзіндік маңыздылығы бар. Себебі әрбір нәрсенің нақты айқындауышы бар секілді, құрылыстың да кадастырлық нөмірі болғаны абзал. Бұл реттік пен тиянақтылық, сондай-ақ қай жерде құрылыс жүріп жатқанын, ал қай маң бос жатқанын дәлдеп береді. Бұл жұмыстарды жамбылдықтар ұқыпты атқаруда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс аумағында қала құрылысы кадастрын құру және өзектендіру мәселесі аясында 22.10.2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі және «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» РМК арасында өзара әрекекттестік меморандумы жасалып, 2019-2021 жылдарға Тараз, Шу қалаларының және 10 аудан орталығының инженерлік коммуникациялар жүйесін түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілген. Бүгінгі күнге іс-шара Жоспарына сәйкес жұмыстарды «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның Жамбыл филиалы атқаруда.

Тараз қаласының жалпы аумағы 18 787 гектар, оның ішінде құрылыс салынған аумақ 13 765 гектарды құрайды.

Тараз қаласының 2011-2017 жылдар аралығында 4956 гектар аумағына инженерлік-геодезиялық ізденістер жүргізілген болатын. 2018 жылы Тараз қаласының 2391 гектар аумағына түгендеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың нәтижесі бойынша түгендеу жүргізілген аумақтың үлесі 53,4 пайыз.

2019 жылы қаланың 3085 гектар аумағына түгендеу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылға жоспар бойынша Тараз қаласының қалған 3333 гектар аумағына түгендеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аудан орталықтары бойынша 2018 жылы 2 аудан орталығына (Аса, Қордай елді мекені) жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражатқа 1014 га аумаққа түгендеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы 7 аудан орталығы (Қордай, Мерке, Мойынқұм, Төле би, Құлан, Сарыкемер, Бауыржан Момышұлы ауылдары), Жаңатас және Шу қалаларының барлығы 4809 гектар аумағына түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы осы елді мекендердің қалған 4515 гектар аумағына түгендеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде 2020 жылға Тараз, Шу қаласы мен аудан орталықтарының аумағындағы инженерлік желілерді түгендеу жұмыстары толығымен аяқталады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір