• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:18:43
Алматы
+35°

11 Қазан, 2019

Дональд Трамп: Түркия 200 жылдан бері бір-бірімен соғысып жатқан күрдтерге шабуыл жасап жатыр

Түрік әскері Сирияның солтүстік-шығысында АҚШ-қа одақтасқан күрдтер басқарған әскери одаққа қарсы ірі шекара операциясын бастады. Сириядағы АҚШ әскерлері шекара аймағынан шыққаннан кейін орын алды.

Түрік әскері Сирияның солтүстік-шығысында АҚШ-қа одақтасқан күрдтер басқарған әскери одаққа қарсы ірі шекара операциясын бастады. Бұл Сириядағы АҚШ әскерлері шекара аймағынан шыққаннан кейін орын алды.

Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында: «Біз «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» халифатын 100% жеңдік, енді Түркияның Сириядағы шабуылына ұшыраған аймақта біздің әскер жоқ. Біз өз жұмысымызды керемет орындадық! Қазір Түркия 200 жылдан бері бір-бірімен соғысып жатқан күрдтерге шабуыл жасап жатыр», - деп жазған болатын.

www.bbc.com

Түркия мемлекетінің күрд әскеріне шабуыл жасауының бірден-бір себебі: Түркия күрдтер бастаған одақтағы ең үлкен милицияны террористік топ деп санайды. Бұл Түркиядағы күрдтердің көтерілісшілер тобының жалғасы деп айтады.

www.bbc.com 

Түркия әскері Сирия жеріне кіргеннен кейін күрд жасағы халықаралық қауымдастыққа ескерту жасады: Егер бізге шабуыл жасалса, ИЛИМ («Ирак және Левант Ислам мемлекеті» халифаты) қайтып келеді.

Күрд жауынгерлері Түркиямен соғысу үшін қызметтерін тастап кететін болса, мыңдаған «ISIS» тұтқындары отырған түрменің бұзылу қаупі бар. 

Сирияның Демократиялық Күштерінің өкілі Мұстафа Бали: «ISIS-тің қайтып келмеуі үшін көп жұмыс жасауымыз керек. Америка кетсе, бәрі жойылады»

 

www.bbc.com

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір