• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 14:41:32
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

09 Қазан, 2019 Аймақтар

Қордайдың еті Біріккен Араб Әмірлігіне шығарылуда

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ет кластерін дамытуға айрықша көңіл бөлінгенін ел жақсы біледі. Әсіресе Ұлт көшбасшысы ет экспортын дамытуды мықтап тапсырды. Соның арқасында Жамбыл облысы өткен жылы қозы етін экспорттау бойынша республика көлемінде көш бастаған болатын. Әрине ет экспортын өрістету үшін мал бордақылау алаңдары мен қасапханалардың атқарар рөлі орасан. Бұл орайда Әулиеата жерінде жаңа ет бағытындағы нысандар күн санап көбеюде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен екі жылға жуық уақыт Қордай ауылында табысты жұмыс істеп жатқан «Первомайские деликатесы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты қасапхананың әлеуеті жылдан жылға артып келеді. Толықтай заманауи және озық технологиялармен жабдықталған мал сою алаңында ірі қара мен ұсақ мал сою жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Бұл жерде сойылған мал толық циклді бастапқы өңдеуден өтіп, тұтынушыға жөнелтіледі. Айта кетерлігі, заманауи технологиялардың арқасында қалдықсыз өндіріс әдісі қолға алынған. Яғни, сойылған түліктің әр бөлшегі қажетке жаратылады. Ал, бұл іске қойылған талаптар өте қатаң. Қасапхана ішіндегі мінсіз тазалықтан бастап, малды бауыздау, оны бөлшектеу сынды жұмыстар халықаралық стандарттарға сай жүргізілуде. Сонымен қатар, Ислам қағидаттары да сақталады, яғни бұл жерден шыққан ет «халал» стандартына сай келеді.

Негізінен Қазақстан бойынша өткізілетін ет, жақында шетелдерге де экспорттала бастады. Серіктестік ет экспорттаушы компаниялармен келісімшартқа отырып, мал еті Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері сынды Азия елдеріне жіберілуде.

Бұл әрине қуанарлық жай. Естеріңізде болса осыдан бірер жыл бұрын Мойынқұм ауданындағы Мыңарал ауылдық округіндегі балық зауыта дәл осындай қалдықсыз жұмыс жасау жүйесіне көшкен болатын. Және кәсіпорын өндірісін өрістетіп, өнімін жақын-алыс шет мемлекеттерге шығара бастаған еді. Нәтижесінде Мойынқұм балық зауытын Орта Азиядағы мемлекеттердің дені естіп, тірлігіне тәнті болған. Енді міне «Первомайские деликатесы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де өндіріске екпін қосып отыр. Және өнімдері халал стандартына сай болып ғана қоймай, Біріккен Араб Әмірліктеріне дейін шығарылуда. Әулиеатаның ет экспорттық әлеуеті өсті деген осы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір