• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:04:44
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстарды зерделеу және жинақтау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы Жамбыл облысы Жуалы ауданында,ы жұмыс сапары кезінде білім бөлімінің психикалық-педагогикалық түзету кабинетіне аялдап, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту шараларының барысына қанықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Топ басшысы Мансия Исказинаны мекемеде балалар церебралды параличі, аутизм, Даун синдромы ауруларына шалдыққан балалармен жасалатын педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары қызықтырды. Олигофренопедагог, логопед, психолог және дефектолог мамандардың кабинеттеріне жеке-жеке кіріп көріп, олардың жұмысына зер салды. № 15 мектеп-лицейде аз қамтылған отбасылардан 50 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Мұнда топ басшысы асхананың ас мәзірінен бастап, тазалығы, тағамдардың дайындалуы, бөлінуі мен таратылуына дейінгі жұмысының барысын қадағалады.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен аудандағы балалар құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға қатысы бар мекемелер басшыларымен және мектеп директорларымен өткен жиында аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мергенбай Қойкенов пен аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов, құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері тарапынан ауданда кәмелетке толмағандармен және суицидтің алдын алу жұмысының барысы, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов атаулы әлеуметтік көмек алушылар отбасылардың жағдайы, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің м.а. Нұрбай Ергебеков аудандағы аналар мен балалар денсаулығы, кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, түрлі психикалық ауруларға шалдыққан балалармен жұмыс туралы баяндап берді.

Жұмыс тобы аудандық орталық аурухананың қабылдау бөлімін, күндізгі стационарды және балалар бөлімін аралады. Мансия Аяпбергенқызы профилактикалық екпенің халықтың денсаулығы үшін маңызын айта келе, олардан бас тартқан азаматтармен жұмыстың қай деңгейде жүргізіліп жатқанын сұрастырды.

Келесі кезекте жұмыс тобы Нұрлыкент ауылында мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алушы алты баланың анасы Райхан Ақжігітованың отбасында болып, оның тұрмыс жағдайымен танысты. Райхан Ақжігітова балаларына әлеуметтік жәрдемақымен қатар мектеп киімі, спорт киімдері берілетінін, мектепте бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отырғанын ризашылық сезіммен айтты. Тағы бір қуанышты жағдай, жақында оның банк алдындағы қарыздары да өтелген екен. Отанасы көрсетілген көмек-қолдау үшін Мемлекет басшысына зор алғысын білдірді. Мансия Исказина ауылдық округ әкімі Нұржігіт Бөлекбаевқа, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұловқа көпбалалы отбасының қосымша табысын арттыру үшін жұмыспен қамту шараларына тарту қажеттігін тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір