• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 03:20:51
Алматы
+35°

30 Қыркүйек, 2019 NEWS

Қазақстанда нан бағасы қымбаттай ма?

Бұл сұраққа Айдарбек Сапаров жауап берді.

Астық түсімінің төмендігі нан бағасына болар-болмас әсер етуі мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров: "Нан бағасына тоқталсақ, әзірге ол тұрақты. Әлеуметтік нанның бір бөлкесі – 78 теңгеден 85 теңгеге дейін. Бидай бағасы өскен жағдайда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, әкімдіктердің тұрақтандыру қорлары, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" іске қосылады", - деді.

Вице-министрдің пікірінше, нанның қымбаттауы жайлы айту әлі ерте.

"Егін ору науқаны әлі жүріп жатыр, астық алқабының шамамен 20 проценті орылған жоқ. Баға өскен күннің өзінде, болар-болмас қана көтеріледі. Бірақ әлеуметтік нанның бағасы сол күйінде қалады, өйткені қазір әкімдіктер тұрақтандыру қорларына ұн сатып алып, қамданып жатыр. Әлеуметтік нанға қатысты проблема көріп тұрған жоқпыз", - деді ол.

Министрліктің мәліметінше, қазір 2,5 миллион тоннадан астам астық элеваторларға жеткізілген.

"Бидай ылғалды күйінде түсті. Алайда облыстардың өтінішімен үкімет астықты кептіру үшін қырмандарға тағы 50 мың тонна жанар-жағармай бөліп жатыр", - деді Сапаров.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір