• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Мамыр, 23:23:48
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің бірнеше мемлекеттегі елшілерін ауыстыру туралы жарлық шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тоқаевтың тағайындау туралы жарлықтары Ақорда сайтында жарияланды. 

Президенттің жарлығымен Әзірбайжан, Португалия, Руминия, Венгрия, Сербия, Израиль, Бахрейн, Мьянма мемлекетеріне Қазақстанның елшісі жаңадан тағайындалды. 

"Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстанның Чехиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Словакиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстанның Португалиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды;

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстанның Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Сербиядағы, бұрынғы Югославияның Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Қазақстанның Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;

Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстанның Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;

Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Берік Сақбайұлы Арын Қазақстанның Бахрейндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстанның Таиландтағы төтенше және өкілетті елшісі Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстанның Мьянмадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген Тоқаевтың жарлығында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір