• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:05:39
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2019 NEWS

Атырауда екі күндік жәрмеңкеде 10 тонна көкөніс сатылды

Шараға 27 жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысты.

30-31 тамыз күндері "Сарайшық" коммуналдық базарында және "Мұнайшы" стадионында жергілікті тауар өндірушілердің дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңкеде көкөністер мен жемістер, жұмыртқа, бал, ет және сүт өнімдері сатылды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде жұмыртқаны 23 теңгеден, картопты 90 теңгеден, пиязды 70 теңгеден алу мүмкіндігі болды. Шараға 27 жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысты.

– Барлығы 52 тонна көкөніс, 600 келі шошқа еті мен тауық еті, 1 тонна сүт және 50 келі шұжық өнімдері ұсынылды. Көкөністер мен жемістер сұранысқа ие болды, – дейді Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Даулетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір