• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:51:34
Алматы
+35°

31 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

Жалпы бір сарынды өмір сізді жалықтырды ма? Ал мұндай жағдайда не істеу керек? Мұның еш қиындығы жоқ. Ол үшін өз-өзіңізді басқара білгеніңіз жөн.

Жалпы үлкен істерге мүмкіндік кішкентай қадамнан басталады. Ол үшін алдымен мақсатқа барар жолды дұрыс таңдағаныңыз жөн. Негізі ақыл айту оңай, бірақ басыңызға келген ойды жүзеге асыру, ол қиын емес әрине. Ол үшін «не істеу керек?» деп, пәлсапалық сауалға бас қатырудың да қажеті шамалы. Әлемдік тәжірибеде мұндай жүйе бар. Ол  – кайдзен бақару жүйесі. Базбіреулер бұл ірі өндіріс орындары мен алпауыт бизнес компанияларында ғана пайдаланылады деуі мүмкін. Бұл түсінік мүлдем қате. Оны күнделікті қарапайым өміріңізде де қолдануға болады. Ол үшін өзіңізді үздіксіз өзгертіп отыру керек. Жапон тілінен аударған кайдзен сөзі осы мағынаны береді. Бұл  – қарапайым тілмен айтқанда, жаңашылдыққа ұмтылу. Бұл тіршіліксіз отырғаннан мың есе артық. Тек алғашқы қадам жасау керек. Ары қарай мүмкіндіктер жалғасады, оның нәтижесі де көріне береді. Ол үшін үздіксіз ізденіс пен тәртіп қана керек. Күнде не істейсіз, оның нәтижесі қандай болады? Оны кешкісін таразылап отырсаңыз, нәтижесі көп күттірмейді.

Негізі кез келген нәрсе маңызды: мысалы жапон оқушылары бала жасынан бастап,  кішкентай іс пен үлкен тірліктің еш айырмашылығы жоғын оқып, үйреніп түсінеді. Сондықтан да олар өмірде көп қателеспейді. Мысалы, олар шала істелінген кішкентай істің соңы үлкен проблемаға ұрындыруы мүмкін екендігін біледі. Үлкен жетістікке жету үшін тұрақты түрде адам өзін жетілдіріп, кез келген іске тұжырым жасап үйренуі қажет. Жапондарша айтқанда, кайдзен принципі бойынша өмірде табыстылығыңды анықтауға мүмкіндік беретін алғашқы 5 негізгі қадамыңды анықтап алуың қажет және оған бағынғаның дұрыс. Ол –ұқыптылық, адалдық, тазалық, стандарттау және тәртіп.

Бірінші қадам. Ең алдымен өміріңізді өзгертетін және оған кедергі келтіріп тұрған нәрселерді анықтаңыз. Сосын өз мақсатыңызға жетудің жолдарын тұжырымдап, оған жетудің қадамын ойыңызға пісіріңіз. Бір парақ ақ қағаз алыңыз да, оны екіге бөліп, оның бір жағына өміріңізді жақсартуға кедергісін келтіріп тұрған нәрселерді жазыңыз. Екінші жағына өз өміріңізді жақсартуға септігін тиізетін нәрселерді жүйелеңіз.

Егер сіз өз мақсатыңызды нақты анықтап алсаңыз, онда кайдзен жүйесі бойынша енді «не істеу керек?» деп сауал қойыңыз. Демек осы сауалды қою арқылы сіз орын алған проблеманың себебі мен салдарын анықтауға тырысасыз.

Екінші қадам. Бір параққа екі бөліп жазылған жағымды және жағымсыз нәрселерді қорыту арқылы сіз нақты картинаны көз алдыңызға келтіресіз. Содан кейін өміріңізді өзгерту үшін таяудағы бір айдың ішінде жүзеге асыратын кішкентай қадамның нобайын жасайсыз. Мысалы, сіз салауатты өмір салтын қалыптастырғыңыз келсе, онда ұйықтар алдында серуенге шығуды әдетке айналдыратыныңыз ақиқат. Негізі кайдзен жүйесінде «әр минуттың ережесі» деген қағида берік сақталған.  Негізі «1 минутта ештеңеге үлгере алмаймыз» деген пікір бар. Бірақ ол мүлде қате түсінік. Ақиқатында, сіз 1 минутта талай пайдалы нәрсе  істей аласыз. 1 минутта көзіңізге немесе иығыңызға гимнастика жасап, балаңызға телеыон шалуыңызға болады. Тіпті     сөзін жаттап, болашақтиа шетел тілін үйренуіңіз де ғажап емес. Сондықтан 1 минуттың болашаққа табыстылыққа негіз қалайтынын білгеніңіз абзал.

Үшінші қадам. Басыңыз керексіз ақпараттан ада болуы қажет. Үйде де, жұмыста да, көшеде де. Егер керексіз нәрселерден құтылып, ойың таза болса, көңіл күйің жоғары болады. Ақыл ойыңдағы жоспарыңды  іске асырудағы мүмкіндік те мол болады. Біз негізі керексіз нәрселерге бас ауыртып, уақытымызды көп жұмсаймыз ғой.

Төртінші қадам. Бұл кезеңде біз бойымыздағы бұрынғы ескі әдеттерден толыққанды арылуымыз керек. Ол қандай әдеттер? Атап айтар болсақ, «шаршап тұрмын», «ертең істей салайыншы», «мұның маған не керегі бар?» және тағы сол сияқты жағымсыз әрі іске кедергі келтіретін әдеттер.

Бесінші қадам. Тіпті егер алған мақсат жолында қиындықтар кездессе, оған қынжылудың қажеті шамалы. Өміріңізді қызықты етудің жолын тағы да қарастырып, алға баса беріңіз. Өйткені...

Кайдзен ең алдымен өмір сүрудің мәні, содан кейін адамның жағдайы мен тұрмысын жақсартуға арналған ұзақмерзімге арналған өмір бойғы стратегия екенін ұмытпаңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір