• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:02:27
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2019 NEWS

Нұр-Сұлтанда белсенділердің "Халық құрылтайы" деп аталған жиыны өтіп жатыр (видео)

Құрылтайда сөйлеушілер Қазақстандағы қазіргі билік жүйесіне қарсы екендерін, елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлі де Қазақстанды билеп отырғанын айтты.

Бүгін, 30 тамызда Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Тенгри" қонақ үйінде белсенділердің ұйымдастыруымен жиын өтіп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жиынға елдің әр өңірінен жиналған 100-ден аса адам қатысып жатыр. Олардың қатарында бұрынғы депутаттар, Желтоқсан ұйымының мүшелері, қоғамдық белсенділер бар.

Ұйымдастырушылар "Қытай экспансиясы мен 51 заводын салуға қарсы халық құрылтайы" деп атаған жиында сөйлеушілер түрлі тақырыптарда сөйлеп жатыр. Құрылтайда сөйлеушілер Қазақстандағы қазіргі билік жүйесіне қарсы екендерін, елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлі де Қазақстанды билеп отырғанын айтты. Олардың айтуынша, "елдегі барлық маңызды шешімдерді әлі де Назарбаев қабылдап отыр". 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір