• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 12:00:17
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қарақия ауданына барып, ауыл және егін шаруашылығы бойынша бірнеше нысанның жұмысымен танысты. 

Айта кетейік, «Қазақстан ет одағы» қоғамдық бірлестігі Қарақия ауданы арқылы айына 5000 мүйізді ірі қара малын шет елден Қазақстанның ішкі нарығына тасымалдау орнын салу жобасын қолға алған-ды. 
Аймақ басшысының ат басын тіреген алғашқы нысаны - осы жерден басталды. 

Аудан орталығы - Құрық ауылының Сарша жерінде 2019-2020 жылдары салынып, іске қосылатын нысанның меншік иесі - «Бреск» ЖШС-і. 
Онда серіктестіктің өкілі жаңа нысанды салуға 20 га жер телімі берілетіндігі туралы шешім шығарылғанын, кешікпей құрылыс жұмыстары басталатындығын айтты. 1

Аймақ басшысымен бірге өңірдің ауыл шаруашылық саласына жауапты барлық қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аталған басқарма басшылығы болды.

Серікбай Өтелгенұлы бұл жобаның экономикалық тиімділігі мен өзектілігіне тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. "Құрық" портына жақын аумақта салынып, 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын бұл нысан арқылы 5000 басты мүйізді ірі қара яғни сиыр малы тасымалданып, карантиндік-ветеринариялық тексеруден өтпек. 

Бұдан соң жұмыс тобы Қызылқұм жеріндегі егін шаруашылығымен танысты. Ондағы егін шаруашылығымен айналысатын отыздай егіншінің бірі - Төлеген Жалмұратов, 1995 жылдан бері егін шаруасымен айналысып, бау- бақша өсірген "Жанбыршы" шаруа қожалығының иесі. 152 га жергеалма, жүзім ағаштарын, қызанақ, қияр, баклажан, қауын, қарбыздың түрлі сорттарын өсіреді. Өнім тұтынушылары - Жетібай, Мұнайшы, Құрық және Ақтау қаласы тұрғындары. Айта кетейік, "Жаңбыршыда" алма мен өріктің де неше түрлі сорты өседі. Егіннің жайын ерте меңгерген Т.Жалмұратов өңірге танымал кәсіпкер. Қызылқұмдағы сапар ары қарай Жақсылық Ибадуллаевтың шаруа қожалығында жалғасты. 32 га егіс алқабында алма, жүзім ағаштары мен қызанақ, қияр, баклажан, қауын, қарбыз түрлері өсірілген. Бағбан, ауданның бірнеше ауылы және Ақтау қаласының тұрғындарына өз өнімін өткізетіндігін айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір