• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:41:35
Алматы
+35°

29 Шілде, 2019 Саясат

ҰҚК мен ІІМ Маңғыстауда ірі арнайы операция бастады

Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Осы шаралар аясында, бүгін, 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатыстары бар.

Бұл топтар қаруланған, ұйымшылдығы және дөрекілігімен ерекшеленеді.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ  күштері мен құралдары тартылды.

Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырды.

Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында.

Арнайы операцияның қорытындысы жұртшылық назарына жеткізілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір