• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:43:06
Алматы
+35°

26 Қазан, 2017 Саясат

Назарбаев жаңа әліпбиді бекіту туралы жарлық шығаруды тапсырды

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

"Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір