• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:54:43
+35°

06 Қыркүйек, 2017 NEWS

Ақтөбедегі Қытай компаниясында қазақ жігітін қытайлық азамат соққыға жыққан

Мұрат Муса 24 тамыз күні Ақтөбе облыстық ауруханасының нейрохирургия бөліміне түскен. Мұрат Мусаның айтысына қарағанда оның миы шайқалған.

Ақтөбеде Қытай компаниясында жұмыс істейтін қазақстандық азамат соққыға жығылғанын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Алаш жолы» жалпыхалықтық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Мақсат Ілиясұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Мақсат Ілиясұлының мәліметіне сүйенсек, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы «Жаңажол» вахталық ауылында орналасқан қытайдың «Импек сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (атауы нақты болмауы мүмкін) жұмыс алаңында Юи Ге Бин атты қытай азаматы сол жерде бірге жұмыс істейтін 1978 жылы туған Мұрат Муса атты Қазақстан азаматын соққыға жыққан. Бұл туралы қоғам белсендісіне ақтөбелік бірнеше азамат хабарласып айтқан.

Мұрат Муса 24 тамыз күні Ақтөбе облыстық ауруханасының нейрохирургия бөліміне түскен. Мұрат Мусаның айтысына қарағанда оның миы шайқалған.

Аталған жағдай бойынша 27 тамыз күні ҚР Қылмыстық кодексінің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру жөніндегі 106- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бүгінде Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі Сырым Айтымбетов тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, Мұрат Мусаның қорғаушысы Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Сағымбай Қоңырбаев.

Мұрат Муса жергілікті медицина қызметкерлерінің өзіне қойылған диагноз туралы ақпаратты бермей отырғанын айтты.

Ал тергеуші Мұрат Мусаның басына соққы тигенінің нақты айғақтарының жоқ екенін айтуда. Сонымен бірге арнайы медициналық сараптаудың қорытындысын күтіп отырғанын баяндады.

«Бұл жағдайдың түсініксіз тұстары көп болып тұр. Сондықтан, мәселенің мән жайын білуге қол ұшын беретін ақтөбелік азаматтар, белсенділер, журналистер болса көмектесіңіздер.

Мұрат Мусаның өзімен, адвокаты Сағымбай Қоңырбаевпен және тергеуші Сырым Айтымбетовпен тікелей телефон арқылы сөйлестім. Адамдардың, мекемелердің атауы дұрыс жазылмаған болса, кешірім сұраймын», – деді Мақсат Ілиясұлы.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір