• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:28:22
Алматы
+35°

28 Шілде, 2017 Әлеумет

Өзбекстан өмірден өткен президенттің қызына қос бірдей қылмыстық айып тақты

Кәрімованың үстінен тонау, кеден заңнамасын бұзу, шетелдік валютаны жасыру, сауда ережесін бұзу мен жалған құжаттар жасау істері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстанда экс-президент Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнар Кәрімованы тұтқындады. Бұл туралы ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде басқарма өкілі хабарлайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кәрімованың үстінен тонау, кеден заңнамасын бұзу, шетелдік валютаны жасыру, сауда ережесін бұзу мен жалған құжаттар жасау істері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық тергеу барысында үш компанияның салығын төлеуден жалтарғаны – Кәрімованың олардың қылмысына тікелей қатысы болғанын көрсетті.

Сондай-ақ Ташкент Кәрімова байланысқан өзге де мемлекеттердегі қылмыстық топтарға қатысы бар активтерді соттауға шақырды.

«Тергеу мәліметі бойынша, 12 шетелдік мемлекеттерде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 1,394 млрд. доллар, 27,1 млн. фунт және 18,5 млн. фунт қаржыға рәсімделген активтері анықталды», - делінген хабарламада.

Құқыққорғау органдары Швейцариядан 777,8 млн. доллар, Колони қаласынан 18,5 млн. франк тұратын вилла тапқан. Сондай-ақ қылмыстық топтарға Франция,Гонконг, Швеция, Ұлыбритания, Латвия, Ирландия, БАӘ, Мальте және Испания елдеріндегі ақша мен дүние-мүліктер тіркелген.

Өзбекстан тергеушілері Ресейден 6 млн. болатын активтерді тапты. Олардың қатарына «Камелто» тұрғын үй кешеніндегі пентхаус, «Рублевка» сілеміндегі жекежай, Мәскеуден 8 пәтер, қонақ үй, Ялтадағы жер телімдері кіреді. Тергеушілердің мәліметіне сәйкес, Кәрімованың кінәсін қылмыстық топтардың мүшелері растады.

Айта кетейік, 2015 жылы «ақша жымқыру, тонау сынды қылмыстық істермен айналысқан» деген айыптар тағылған Кәрімованы 5 жылға соттаған.

Гүлнәр Кәрімова көпшілік алдына 2014 жылдан бері шықпайтын болған. Ол әкесінің жерлеу рәсіміне де қатысқан жоқ. Сол кездегі ақпараттарға сүйенсек, оны үй қамауына ауыстырған. Сол жылы Швейцария билігі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Өзбекстанда тиімді келісімге қол жеткізу үшін шетелдік компаниялар Кәрімоваға пара берген деген болжам бар. Швейцария билігі оның есебіндегі 650 миллион евроны құлыптап тастады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір