06 Шілде, 2017 NEWS

НАЗАРБАЕВ АСТАНАДАҒЫ ӘУЕЖАЙДЫ ӨЗ ЕСІМІМЕН АТАУҒА ПІКІР БІЛДІРДІ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қандай да бір нысанды өз есімімен атауға қарсы екенін айтты, деп жазады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қандай да бір нысанды өз есімімен атауға қарсы екенін айтты, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Елбасы бұл туралы «Россия 24» арнасына берген сұхбатында халықаралық әуежайды «Нұрсұлтан Назарбаев» деп өзгерту турасында әңгіме болғанда мәлім етті.

«Бұл менің бастамам емес. Мен ондайға қарсымын. Дәл осы мәселе алдымнан қайта-қайта шығады. Адамдар атқарылып жатқан жұмысты көріп, мені бағалайтын шығар, ол үшін қуанамын. Дегенмен әр саясаткер, әр мемлекет басшысы өз ісімен ел есінде сақталуы тиіс», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Рим императоры, философ Марк Аврелияның айтақандарын есіне түсірді: «Императордан «Неге сенің ескерткішің жоқ» деп сұрағанда, халықтың кейін «бұл кімнің ескерткіші» деп сұрағанын қалаймын деп жауап берген. Менен кейін халық «оған неге әлі ескерткіш қойылмаған» деп сұрауы керек», - деді.

Айта кетейік, 21 маусым күні Астана әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» деп аталды.  Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың аталмыш шешімді қалай қабылдауы мүмкін екенін айтқан.

«Мемлекет басшысы бұл жолы түсіністік танытып, қолдайды деп үміттенемін. Бұл өте маңызды. Себебі, «Нұрлы жол» аясында жасалған жұмысты халық түсінуі керек», - деді министр.

Ресейлік «Россия-24» арнасы әлемдегі ең жас астана – Астана қаласы жайында «Қазақстан болашаққа қарайды» деп аталатын арнайы репортажын түсірген. Сұхбат барсыныда Елбасы Астананы салу тарихы жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан елордасының төңірегіндегі жасыл аймақты дамыту барысын әңгімеледі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік телеарна тілшісіне еліміздің бітімгершілік миссиясының мақсаттарына, әлемдегі қақтығыстарды реттеу жөніндегі Қазақстан қызметінің нәтижелеріне тоқталды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ел экономикасын жаңғырту үдерісі және индустриялық-инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы айтып берді.

Шолушы: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистиетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірдім. 2017 жылдан бері Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісімін. 2016 жылы оқуды бітіргенімде ұстаздық ету немесе журналист болу деген екі түрлі таңдау тұрды алдымда. Біріншісін көрейін деп алғашында кішігірім курстарда сабақ беруден бастадым. Кішігірім курстардың өзінен шабыт ала алмаған мен өзгеден бұрын өзіңе үйретерің көп болуы тиіс білім бұлағы мектепке барудан тартындым. Сөйтіп шабыттардың, шығармашылықтардың мекені - журналистикадан бірақ шықтым. Жаздым, жазып жүрмін, жаза беремін - бұл менің өмірім! Болашақта өзге басылымдарға ауыссам да, қамшы қолымнан ешқашан түспейді. Осыны түсіндім.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір