29 Маусым, 2017 NEWS

16 ДЕПУТАТТЫҚ МАНДАТЫНА 38 КАНДИДАТ ТАЛАСУДЫ БАСТАДЫ

Қазақстандық БАҚ өкілдері кәсіби мерекелерін тойлатып жүргенде, елімізде сенат депутаттарының сайлауы басталып кетіпті. Сенат депутаттарын сайлау арқылы...

Қазақстандық БАҚ өкілдері кәсіби мерекелерін тойлатып жүргенде, елімізде сенат депутаттарының сайлауы басталып кетіпті. Сенат депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттің болашағы жасақталады. Елімізде болып жатқан түрлі сайси болсын, әлеуметтік болсын шешімдердің қабылданып, заң жүзінде іске асырылуына да жауапты сол депутаттар. Иә, қоғамда депутаттардың әлеуеті зор, алайда депутат деген статусына қарап қана бағаланатыны жасырын емес. Өкініштісі, құзыретін халық байқай бермейді. Не де болса, бүгін, маусымның 28-ші жұлдызында Елбасымыздың жарлығына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының кезекті сайлауы басталды. Сенаттың 16 депутаттық мандатына 38 үміткер таласуды бастады. 14 облыстан 3291 депутат дауыс берді.

ҚР Парламенті Сенаты сайлауында Қарағанды және Алматы облыстарынан өзге өңірлерде алдын ала сайлаудың қорытындысы шықты. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменова мәлімдеген еді.

Ләззат Сүлейменова сайлау бюллютендеріне 38 кандидат енгізілгенін айта келіп, Сенат сайлауының қорытындысы 2 күннің ішінде белігілі болатындығын мәлімдеген.

Ең көп дауыс жинаған кандидаттардың арасында іс басындағы 4 сенатор, 2 облыс әкімінің бірінші орынбасары, 3 облыс әкімінің орынбасары, бір облыс орталығының әкімі, 1 облыстық мәслихаттың хатшысы, бір жоғары оқу орнының ректоры, саяси партиялардың 2 өкілі, 1 жеке сектор өкілі және 1 арнайы мемлекеттік органның өкілі барын айтқан ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров.

Ал сайлау науқанына қатысқан халықаралық байқаушылардың саны - 172. Шетелдік БАҚ өкілдерінің саны - 116. Барлығы - 288 байқаушы.

Алдын ала сайлау қорытындысына сәйкес

Астанадан ұсынылған Еділ Мамытбеков сайлау қорытындысы бойынша 92% жинаған, Нұр Отан партисының қалалық филиалының төрағасыынң бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Алматыдан сенатор ретінде ұсынылған 52 жастағы Динар Нүкетаева Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры және бұрынғы мәжіліс депутаты. Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша 94% дауыс жинаған.

Ақсола облысынан 61 жастағы Дәурен Әділбеков облыс әкімінің бірніші орынбасары болды, сайлау қорытындысы бойынша 64,5% дауыс жинады.

Ақтөбе облысында сенатор болған 60 жастағы Мұхтар Жұмағазиев 93% дауыс жинады, ол облыс әкімінің орынбасары.

Алматы облысынан сенатор болған 46 жастағы Нұрлан Қылышбаев 91% дауыс жинады.

Атырау облысы, 60 жастағы Ғұмар Дүйсембаев облыс әкімінің бірінші орынбасары, 82,44%.

Шығыс Қазақстан облысы, 59 жастағы Дүйсенғазы Мусин әкім орынбасары болған, 93,57%.

Жамбыл облысы, 59 жастағы Абдалы Нұралиев облыс әкімінің орынбасары, 87%.

Батыс Қазақстан облысы, 52 жастағы Нариман Төреғлиев Орал қаласының әкімі, 80,41%.

Қарағанды облысы, 57 жастағы Рысқали Әбдікеров облыс мәслихатының хатышысы, 82,5%.

Қостанай облысы, 55 жастағы Жеңіс Нұрғалиев, 86,5%.

Қызылорда облысы, 59 жастағы Мұрат Бахтиярұлы, 70,14%.

Маңғыстау облысы, 57 жастағы Бақтыбай Шелпеков, 76%.

Павлодар облысы, 60 жастағы Нұржан Нұрсипатов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, 82,14%.

Солтуүстік Қазақстан облысы, 61 жастағы Ерік Сұлтанов бұрынғы облыс әкімі, 85%.

Оңтүстік Қазақстан облысы, 58 жастағы Әлімжан Құртаев Нұр Отан партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 82%.

Сайлау барысын Оңтүстік Корея мен көршілес Ресейден келген 14 халықаралық байқаушы бақылап, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып отырды. ҚазАқпараттың мәліметінше, Оңтүстік Кореядан келген халықаралық байқаушы Чае Судук сайлаудың жоғары деңгейде өткенін айтты.

«Бүгінгі сайлау маған өте ұнады. Барлығы сайлау заңына сай, ашық түрде өтті. Ешқандай заңбұзушылықты байқамадым. Адамдардың жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі, мереке екені сезіліп-ақ тұр», дейді Чае Судук.

Сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған 327 депутаттың 298-і Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевқа дауыс берді. Осындай басымдыққа ие болған ол Парламенттің Жоғарғы палатасына депутат болып сайланды. Ал оның қарсыласы өз кезегінде бүгін өзіне сенім білдіріп, үлкен үміт артқан жергілікті мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.

«ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер ретінде қатыстым. Мен үшін ашық түрде барлығы өтті. 29 депутат дауыс берді. Барлығына рахмет айтқым келеді. Осылай қолдап, үміт артып, маған өз дауыстарын бергеніне рахмет», деді үміткер Еркебұлан Өмірзақов.

Шолушы: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистиетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірдім. 2017 жылдан бері Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісімін. 2016 жылы оқуды бітіргенімде ұстаздық ету немесе журналист болу деген екі түрлі таңдау тұрды алдымда. Біріншісін көрейін деп алғашында кішігірім курстарда сабақ беруден бастадым. Кішігірім курстардың өзінен шабыт ала алмаған мен өзгеден бұрын өзіңе үйретерің көп болуы тиіс білім бұлағы мектепке барудан тартындым. Сөйтіп шабыттардың, шығармашылықтардың мекені - журналистикадан бірақ шықтым. Жаздым, жазып жүрмін, жаза беремін - бұл менің өмірім! Болашақта өзге басылымдарға ауыссам да, қамшы қолымнан ешқашан түспейді. Осыны түсіндім.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір