• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:50:30
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2017 NEWS

ЕЛБАСЫ МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВТІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Мемлекет басшысы кездесуде М.Жолдасбековті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі, деп жазады

Мемлекет басшысы кездесуде М.Жолдасбековті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

– Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап Сіз әрдайым менің жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет атқардыңыз. Мен Сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болдыңыз, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде М.Жолдасбековтің ел алдындағы еңбегін ескеріп, қоғам қайраткерін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

М.Жолдасбеков өз қызметінің нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

– Мен тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы барлық процестің куәгері болдым. Жақсылық та, қиындық та, таршылық та бастан өтті. Бақытымызға орай, қазір егемендіктің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ел ішінде реформалар жүргізілуде, бәріміз күткен рухани жаңғыру басталды. Мен қашан да Сіздің қасыңызда, сенімді серігіңіз болып қала беремін, – деді қоғам қайраткері.   

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір