• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:39:19
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2017 NEWS

РЕСЕЙ ЕАЭО АЯСЫНДА ӨЗІНЕ ҒАНА ТИІМДІ ЕРЕЖЕНІ БЕКІТТІ

cарапшыларының дерегінше, Ресей ЕАЭО нарығында өзіне тиімді ережелерді бекітті, деп жазады

DW cарапшыларының дерегінше, Ресей ЕАЭО нарығында өзіне тиімді ережелерді бекітті, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Олардың ойынша, Ресейдің өз нарығын қорғау мақсатындағы бұл әрекеті еуразиялық интеграция мүшелеріне қысым көрсетуде.

Еуразиялық экономикалық одақта бұл қалыпты жағдай, бір жанжал өзге жанжалмен ауысып отырады. Ресейдің Федералды кеден қызметі ақпан айынан 18 мамырға дейін Армения, Беларусия, Қазақстан және Қырғызстаннан келген Кеден одағының бірыңғай техникалық регламентті қажет ететін өнімдерді бағалау жөніндегі құжаттарды қабылдамады. Аталған мемлекеттердің жеткізушілерін ресейлік фирмаларға сертификат алуға ғана жіберетін.

Енді Федералды Кеден одағы Ресей нарығын тыйым салынған өнімнен қорғау үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін бірыңғай таңбалауды ұсынды. ЕО-тан келетін санкциялық тауарларды кері экспорттауда одақтастарынан күмәнданып, Россельхознадзор Беларусиядан келетін өнімдермен (сүт, ет, жеміс-жидек) бітпес шайқасқа түсті, ал Ресей аумағы арқылы Қазақстанға өтетін Украина және ЕО тауарларын шекарадан жібермей әлек.

Еуразиялық интеграция мүшелерінің РФ-сының мұндай ережелеріне көңілі толар емес, себебі бірыңғай нарықтың 4 принципінің бірі бұзылып тұр, яғни тауарларды ауыстыру еркінідігі тежелген. DW сарапшыларының пікірінше, мұндай келіспеушіліктің бір себебі Мәскеу ЕАЭҚ бойынша одақтастарына өз ережелерін жүргізбекші және өзінің Батыс елдерімен қақтығысында оларды кепіл ретінде пайдаланбақшы.

Тәуелсіз талдаушылардың ойынша, ЕАЭО мүшелерінен құралған мемлекеттердің импортына қойылған қатаң бақылау Ресейдің Батыспен жүргізіп жатқан санкциялық соғысына себеп болды. БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Ресей нарығындағы Қазақстанның мүддесі бұзылуда. Дәл осы себепті Қырғызстан Қытайдан келетін өнімдерді экспорттауды қысқартты.

«Ресей өз нарығын санкциядан қорғамақ болғанда, еуразиялық өндірушілер мен экспорттаушылар үшін жасанды кедергілерді тұрғызған», - дейді «Тәуекелдерді бағалау» («Оценка рисков») Қазақстандағы тәуелсіз сараптамалық тобының жетекшісі Досым Сатпаев. Өз сұхбатында бұл кедергілердің ешқайда тіркелмегенін де айтып қалды. Мәселен, өткен жылы Ресей өз аумағынан өтпек болған қазақстандық жүкке бұрынғысынан қатал түрде бақылау жүргізген. Ресей шекарасынан өткен қазақстандық тауарларға бақылау артып, құны өсті және ол тауардың бәекеге қабілетін жойды.

Сатпаевтың айтуынша, Ресей Қырыммен ішкі саяси мәселелерін шешу үшін одақтастарына өз ережелерін жүргізуде. «Алайда, бұған Қазақтсан да, Беларусияда алаңдамауы тиіс» дейді аналитик. «Батыспен жанжалда біздің қатысымыз жоқ, біз Украинмен де, ЕО-пен де жақсы қарым-қатынастамыз. Польшамен де саудаласқымыз келеді, бірақ ол жерден Қазақстанға келетін алмалар Ресейді айналып өтуге мәжбүр», дейді сарапшы.

Сондай-ақ, ЕАЭО тауарларын таңбалауда «ресейлік кеденнің мақсаты - РФ экспортының қозғалысын бақылауды күшейту» деп атады. ЕАЭО мемлекеттері Мәскеудің ішкі саясаты үшін кепіл болып қалатынына сарапшы көзі жеткенін айтады.

Сатпаевтың айтуынша, бізді әрдайым Ресейдің Батысқа қарсы санкциясын бұзды деп айыптап келді. ЕАЭО-ның ешбір таңбасы, бақылаудың басқа да шаралары Мәскеудің күдігін жоймайды, біз ешкімнің ала жібін аттамағанымызды тағы дәлелдеумізге тура келеді.

Беларусиялық экономист Сергей Чалыйдың айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастаған ЕАЭО-ның жарғылық құжаттары экономика саласында бірыңғай саясатты өндіруді және басшылардың жеке көңіліне байланысты екі жақты қатынастың жүруін топшылады: «Ельцин Лукашенконы жақсы көреді, ал Путин жақсы көрмейді».

Интеграцияның мәні – бәріне бірыңғай ереже орнату. «Бұл экономика саласындағы келісім, оның негізінде сауда соғысын тежейтін жүйе құру көзделген», - дейді сарапшы. Бірақ ой жүзеге аспады – жанжал сол күйі жанжал болып қалды. Чалогоның ойынша, әзірге үлкен дәрежедегі мәселе Ресейдің Беларусиямен және Қазақстанмен қатынасына байланысты, ал Армения мен Қырғызстанның қатысы жоқ.

Ресей мен Батыс арасындағы санкциялық соғыстан өзге, Сергей Чалый сауда соғысына әкеліп соғатын тағы бір жолды атады – шекаралық және фитосаниткарлық бақылау. «Ресей өз одақтастырының өзге елдермен саудаластығын өзінің нарығына қол сұғу деп түсініп, алдын алу үшін бар мүмкіндікті пайдаланады», дейді сарапшы.

«Мұндай одақтың қажеті қанша?»

Минск тұрғыны, сыртқы сауда саласының сарапшысы Владимир Артюгиннің аталмыш жағдайға қатысты өз көзқарасы бар. «Еуразиялық экономикалық одақтың ниеті түзу, ал жанжалдар мен келіспеушіліктер нашар жазылған құжаттамалардың кесірінен туындайды».

Сарапшының айтуынша, Батыспен санкциялық соғысты бастаған Ресей серіктестеріне жағдайдың анық-қанығын түсіндіруі керек: шекара көрінбесін десеңіздер бізбен бірігіңіздер немесе кеден орнатамыз. «Міне, мәселенің шешімі осында жатыр», деді сөзіне нық сенімді В. Артюгин.

Өз кезегінде қазақстандық сарапшы Досым Сатапаев Ресей мен ЕАЭҚ одақтастары бұл жағдайдан қаншалықты пайда тапса, дәл сондай мөлшерде қиындық туындайтынын да айтты. Жағдайға көз жүгірте отырып, ойын «Қазақстанға мұндай Еуразиялық одақтың қажеті қанша?» деген сұрақпен қорытындылады.

Аударған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір