• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:35:26
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2017 NEWS

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ. ТАРАЗДАН ШЫҚҚАН КЕРУЕН АСТАНАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Тараз қаласынан шыққан автокөліктер мен автобустар ілескен 70-ке жуық түйелер мен аттар керуені Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жол...

Тараз қаласынан шыққан автокөліктер мен автобустар ілескен 70-ке жуық түйелер мен аттар керуені Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жол тартты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

 «Көне Тараз» тарихи-археологиялық кешені жанындағы Жамбыл Жабаев алаңынан басталған сапар Астанаға жол тартты. «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» деп аталатын мәдени сапарды қала тұрғындары  мен қонақтары сүйсіне тамашалады.

 Аталмыш шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен 26-30 шілде күндері Астана қаласында өтетін Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өткізілмекші.  

Керуен 25  жүк артылған түйе, 46 ат және айдаушылары, 10 жүк машинасы, 3 автобустан тұрады. Облыстың мәдени күндеріне қатысу үшін Астанаға мәдениет қызметкерлері, дәрігерлер, ЖП және ТЖ қызметкерлерінен тұратын 150 адам аттанды.

Керуен  Жамбыл және Қарағанды облыстарының 10 елді мекендерінде аялдама жасап,  киіз үйлер мен  шатырлар құруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ,  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдауға арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылмақшы. Тұрғындарға концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар ұсынылады. Ұлттық спорт  түрлері бойынша спорттық шаралар өткізіледі.

Керуен елордаға ат басын тіреген соң көрме кешені аумағында  Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді. Бұдан бөлек, бес күн бойы қала тұрғындары және қонақтарының назарына М.Горький атындағы мемлекеттік  академиялық драмалық орыс  театры сахнасында, «Жастар» театры, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының алаңында  көрмелер, театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар  ұсынылады.

Ал, 28 шілде күні «Қазанат» ипподромындағы этноауылда дәстүрлі өнердің әралуандығын көрсететін «Шығыс базары», қолөнер және сәндік-қолданбалы бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ЭКСПО қонақтарына  Ұлы Жібек жолы орталықтарының бірі болған ежелгі Тараз қаласының тарихы таныстырылады. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір