• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 12:53:44
Алматы
+12°

30 Қазан, 2024 NEWS

Қаржы министрі мемлекеттік қызметшілерге сыйақы берілмейтінін айтты

Мемлекеттік орган қызметкерлері биыл сыйақыдан қағылады. Өйткені Қаржы министрлігі ішкі есеп-шоттан сыйақыға ақша аударуға тыйым салды. Бұл жөнінде Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Көрнекі сурет

«Бұдан былай мемлекеттік орган үнемделген қаржыны сыйақыға бөле алмайды. Бұл қаржы бюджетке қайтарылады», – деді Қаржы министрі.

Мемлекеттік орган қызметкерлерінің сыйақысы қалай төленетіні жөнінде  Ұлттық экономика министрлігі KursivMedia-ға егжей-текжейлі ақпарат берген еді. Оған қарағанда, мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы төлеуге арнайы қаражат жоспарланбайды. Органның қажеттіліктерінен үнемделген қаржы сыйақы ретінде бөлініп келген. Яғни бұл мәселе басшылардың құзыретінде еді.

Құзырлы органның айтуынша, сыйақы берілетін кезде, қызметшінің жұмыс нәтижесі, міндеттерін тыңғылықты орындауы, ерекше, қиын тапсырмаларды бұлжытпай орындау және өзге де жетістігі ескеріледі екен.

Сыйақының неге қысқарғанының себебі, әрине, бюджет тапшылығы. Мәди Такиев ол жөнінде де мәлімет берді.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні игерілмей қалған қомақты қаражат жоқ. Өйткені биылғы жыл онсыз да қауырт болған. Бюджетке он мәрте түзету енгізген.

«Бюджет алдыңғы жылғы көрсеткіштерді ескере отырып жоспарланады. Украина мен Ресей арасындағы соғысқа, геосаяси ахуалға байланысты табыс 143%-ға өсті. Осы көрсеткіш одан кейінгі жылдарға ықпал етті. Бірақ кейін ондай табыс болмады», – деді министр.

Мәди Такиев министрліктің тапқанынан, жұмсаған қаржысы көп екенін мойындады. Оның сөзіне қарағанда, соңғы төрт жылда үстеме табыс 4 трлн болса, шығын 9 трлн-ға өскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір