• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 19:31:18
Алматы
+9°

Париж олимпиадасына қатыспай қалған Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрап, мәлімдеме жасады. Теннисші видеода шынымен ауырып қалғанын айтып, ел үмітін ақтай алмағанына өкініш білдірді.

"Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасының атынан қатыса алмағаным өкінішті. Командамен бірге дайындалып, көп еңбек еттім. Олимпиадан жүлдемен оралғым келді. Бірақ дәл ойынның алдында ауырып, қызуым көтерілді, тыныс алуым қиындады. Сондықтан дәрігерлер кортқа шығуға тыйым салды. Сіздердің маған үлкен сенім артқандарыңызды білемін. Барлық қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын", - деді Рыбакина.

Айта кетейік, теннисші бронхитпен ауырып, жарысқа бір күн қалғанда Париж Олимпиадасына қатыспайтыны белгілі болған. Спортшының бұл әрекеті қоғамда қызу талқыланып, сынға ұшыраған еді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: рыбакина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір