• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 11:31:41
Алматы
+12°

2024 жылы 104 мыңнан астам талапкер білім гранты конкурсына өтініш берді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Биылғы оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. Ал "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

"Ең көп таңдалған қала – Алматы, 42 мың бала оңтүстік астанамызды студенттік шақ өткізу үшін таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 22 мың өтініш қабылданса, 6,5 мың адам Шымкент университеттерінде оқуға ниет білдірген"- деп хабарлады министрлік.

Бірнеше жыл қатарынан талапкерлер "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты бағыттарға басымдық беріп келеді.

Сонымен қатар,  "Серпін" бағдарламасы арқылы 3 903 грант бөлінген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: оқу білім ғылым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір