15 Шілде, 2024 NEWS
Фото: Қырғызстан ТЖМ
Қырғызстанда 14 шілде күні сел жүріп, 4 адам жоғалып кеткен болатын. Кейіннен Ош облысында су алып кеткен 6 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынана табылды. Бұл туралы Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
"Ош облысында сел ағызып әкеткен 6 жасар қыздың сүйегі Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы Шахрихонсой суару каналынан табылды. Өзбекстан 2017 жылы туған қыздың сүйегін "Достық" шекара бекеті арқылы берді", — делінген хабарламада.
Қырғызстан ТЖМ мәліметінше жоғалған адамдар бір отбасының мүшелері: 1980 жылы туған әйел мен оның 2005, 2014 және 2018 жылғы үш қызы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір