05 Шілде, 2024 NEWS
Жолдар жабылды: Еліміздің бір өңірінде сел жүру қаупі бар
Сел қаупі болғандықтан Түрген экологиялық бекеті арқылы өтетін жол жабылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Іле-Алатау ұлттық паркіне сілтеме жасап.
Фото: ашық дереккөзден
Мекеменің ресми сайтының мәліметінше, Түрген өзені бассейніндегі №2 және №5 мореналық көлдерден сел қаупі болуы мүмкін.
"Сел кезеңінде осы ықтималдықты ескере отырып, ұлттық парк Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның 1 шілдедегі № 6 хаттамасының 1.3.5-тармағын басшылыққа алады. Сондықтан 2024 жылғы 3 шілдеден бастап Іле-Алатауы МҰТП Түрген филиалының экологиялық бекеті арқылы демалушылар мен туристер үшін жол жүру шектеледі", - делінген хабарламада.
Тек мүдделі мемлекеттік қызметтерге жол жүруге рұқсат етілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір