• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Маусым, 17:18:40
+35°

27 Маусым, 2024 NEWS

"Зейнетке 55 жастан шығу": вице-премьер петиция туралы пікірін айтты

"Зейнетақы жинағы жетсе, қазақстандық әйелдер 53 жастан бастап шығуына болады" дейді Тамар Дүйсенова.

ФОТО: PRIMEMINISTER.KZ

Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ePetition.kz платформасында зейнет жасын 55-ке дейін төмендетуге қатысты петицияға қол жиналып жатқанына қатысты пікір білдірді.

Ол зейнетақы жинағы жетсе, қазақстандық әйелдер 53 жастан бастап шығуына болады деп отыр.

"Біріншіден, біз заңнамада әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 деп бекіттік. Осындай петицияға қол қойса, әрине біз мұндай өтінішті қараймыз. Бірақ біз 55 жаста зейнетке шығатын болсақ, жеткілікті деңгейдегі зейнетақы аламыз ба, соны ойлауымыз керек. Біздің заңнамада зейтнетке ерте шығу көрсетілген, зейнетақы қорындағы жинақ жеткілікті болса, 53 жаста шығуына болады. 1998 жылдан кейінгі зейнетақы реформасын жүргізгеннен кейін біз зейнетақымызды зейнетақы қорында жиналған ақшадан аламыз. Біз ерте шығайық деп айтқанда, мемлекет төлейді деп ойлаймыз. Мемлекет тек базалық зейнетақыны төлейді", - деп түсіндірді Дүйсенова. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір