• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Мамыр, 11:00:22
Алматы
+35°

Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға "мемлекеттік өтемақы аударамыз" деп қоңырау шалған. Кейін ұялы телефонға келген кодты сұратып, аттарынан несие рәсімдеген. 

Олар өздерін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе еріктілер деп таныстырады. Бөрлі аудандық полициясына осы оқиғаға қатысты шағым түскен.

"Алаяқтар код жазуды сұрайды, оның көмегімен кейіннен екінші деңгейлі банктерге несие рәсімдейді. Мұндай фактілер республикамыздың бірнеше облыстарында белгілі болды. Олардың айлаларына түсіп қалмаңыздар. SMS кодтарын айтпаңыз немесе белгісіз нөмірлерден келген бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз", – делінген ресми хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір