• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 17:26:42
Алматы
+9°

09 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен суды бөлу жөніндегі келісімдерге қол қояды

Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.

Фото: Ашық дереккөзден

Министр трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларға тоқталды. Елдегі 8 су бассейнінің 7-і трансшекаралық болып табылады. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің (Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдері) су шаруашылығы саясатына тәуелді болып отыр.

Министрлік трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау мәселелері бойынша келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейтуді көздеп отыр.

“Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында Қазақстан Үкіметінің Өзбекстанмен келісімдерге қол қоюы және Қытай трансшекаралық су объектілеріндегі суды бірлесіп басқару, пайдалану және бөлу туралы – бұл мемлекетаралық су қатынастарын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, министрлік Орталық Азия елдері арасындағы су-энергетикалық ынтымақтастық туралы келісім жобасын әзірлеуде, - деді министр Нұржан Нұржігітов үкімет отырысында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бөгет шекара

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір