15 Наурыз, 2024 Әлем
Путинді тұтқындауға ордер берген судья Аканэ Халықаралық қылмыстық соттың төрайымы болды
Жаңа судья ХҚС-ны енді үш жыл басқарады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Халықаралық қылмыстық сот төрайымы лауазымына әріптес-судьялардың мені таңдауы — мен үшін зор мәртебе. Сот үшін осындай алмағайып кезеңде тұрақты, ынтымақтастыққа негізделген және біртұтас басшылық керек", – деді Аканэ.
Ол сот органдары арасындағы диалогты дамытуға, ХҚС-ға қатысушы елдер және Рим статутына қол қоймаған мемлекеттермен диалогты нығайтуға назар аударуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Апта басында Томоко Аканэнің (Жапония) орынбасарлары — Розарио Айтала (Италия) мен Рейн Алапини-Гансу (Бенин) сайланды.
Айта кетсек, 2023 жылы наурыз айында ХҚС Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Мария Львова-Белованы тұтқындауға пәрмен берген. Халықаралық қылмыстық сот екеуін Украинаның оккупацияланған аймағынан халықты, соның ішінде балаларды күштеп көшіріп, әскери қылмыс жасады деп айыптаған. Артынша Ресей тергеу комитеті ордер берген прокурор мен ХҚС-ның үш судьясына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Қол қойған судьялардың қатарында Томоко Аканэ мен Розарио Айтала болған.
Артынша Ресей тергеу комитеті Розарио Айталаға "кінәсіз екендігін біле тұра, адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту" және "президентке шабуылдауға дайындалу" баптары бойынша сырттай айып таққан. Кейін ХҚС прокуроры оған іздеу жариялаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір