• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Мамыр, 14:38:22
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2024 Әлеумет

Ашық дереккөзден

Қазақстанда енді арнайы педагогикалық мамандығы жоқтар да сабақ бере алады. Яғни, 4 жыл педагогикалық мамандықты оқымай-ақ кез келген адам мектепте білім бере алады деген сөз. 

Білім сапасы онсыз да нашар ел едік, енді бар-жоғы 6 ай курстан өтіп алып мұғалім болу қисынға сыймайтын секілді.

"Qazbilim Group" компаниясы басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы мұны жылдан-жылға мектепте оқушы санының артуынан туындаған кадр тапшылығымен түсіндіреді.

– Бұл шешім қабылдануының басты себебі – кадрлардың жетіспеуі. Шыны керек, мектептерде өсім бар. 2023 жылы 11-ші сыныпты 176 мың бала бітірді, төртінші сыныпты 410 мыңға жуық бала бітірді. Елімізде 3 мыңнан астам педагог маман жетіспейді. Алдағы бес жылда кадр жетіспеушілігі 10 мыңға жетуі мүмкін. Сондықтан педагогикалық мамандығы жоқтар қайта даярлаудан өтіп, сабақ беруіне қарсы емеспін. Себебі, бұрын педагог мамандығын толық бітірмей, ғылыми мамандыққа не басқа салаға кеткен білімі жақсы мамандар бар. Солар қайта оралса, қарсы емеспін. Бірақ педагогикалық мамандық әркім келіп-кететін мамандық болмауы тиіс, – дейді ол.

Анығында, елімізде педагог мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындары көп. Жылда педогогикалық мамандықтарды таңдайтын түлектер де аз емес. Солай бола тұра, неге кадрды сырттан іздеу керек деген сұраққа Аятжан Ахметжанұлы арнайы педагог мамандығын бітірген студенттердің көбінің білімі нашар екенін айтты. 

– Педагогикалық мамандықты кезінде баллдары төмен түлектер таңдаған. Жалпы бұл мамандыққа белгілі бір емтихандар арқылы қабылдау үрдісі болса, дұрыс еді. Қазір маман жетіспейді деп бір сыныптың балаларын 40-қа жеткізсе, білім сапасы төмендейді, деді ол.

Зейнеткер ұстаз Мейрамкүл Тұранова әр салада өз маманы жұмыс істеуі керек дейді. Өйткені медицина қызметкерлері секілді маұғалімдерге де болашақ жас ұрпақтың тағдыры сеніп тапсырылады. Жоғары білімді кез-келген маман педагогикалық қызметті әрбір пәннің өзіне тән қиындығы мен методикасын меңгеріп кететініне күмән бар. Қазіргі заманда дипломды сатып алып, сауатсыз, таяз білімді түлек дайындап, өз пәнін жетік білмейтін мұғалімдер қатары көбейіп кетті.

Білім сапасы – ұлт болашағы. Педагогика мамандарын дайындаудан бұрын мұғалімді көшеден әкелу қай сасқанымыз?

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір