• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 17:24:10
Алматы
+9°

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті енді экс-президент Назарбаевты қорғамайды. Комитет ведомствоның өкілеттігін кеңейтетін президент жарлығының жобасын дайындады. 

Атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге келесі құқықтар қосылды:

  • ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды, арнайы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтылымын, қару-жарақ пен жарақтарды әзірлеу, сатып алу, құру (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасау;
  • мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
  • мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу;
  • мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді, растауды және жоюды жүзеге асыру;
  • ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің арнаулы тексеру жүргіз

Құжат 9 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін НҚА сайтында орналастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір