• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 12:37:02
Алматы
+12°

Ғаза секторындағы қазақстандықтар эвакуациялана бастайды. Бірінші кезеңде 40 азамат елден шығарылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

"13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топты эвакуациялау жоспарланған. Оған Қазақстанның 40 азаматы және төрт шетелдік – олардың отбасы мүшелері кіреді. Эвакуацияланатындардың арасында басқа тоғыз елдің өкілдері бар – Марокко, Иордания, Ресей, Испания, Швеция, Перу, Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Эвакуация Газа секторы мен Египет арасында орналасқан Рафах бақылау бекеті арқылы жүзеге асырылады. Өткеннен кейін қазақстандықтар Каирге жер үсті көлігімен жеткізіліп, қонақ үйге орналастырылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір