• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қазан, 17:28:53
Алматы
+9°

Семейдегі 4 жасар баланың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Күтушінің күйеуі баланың мәйітін жол бойындағы әжетханаға лақтырып кеткен. Бұл туралы "Не молчи" қорының әлеуметтік парақшасында жарияланды. 

"Анасы баласын күтушіге қалдырған. Кейін анасына күтуші баланың танысының үйінде екенін айтқан. Кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Күтушінің айтуынша, бала ұстамадан қайтыс болған. Күйеуі қылмыс ізін жасыру үшін сәбидің мәйітін спорттық сөмкеге салып, тасжолдың бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген. Бүгіндікке 2 бала қаза тапты. Жазда 5 жасар қыз кісі қолынан қаза тапты. Жақында елімізде бала қалмайды", деп жазылған хабарламада.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Семей 4 жасар бала

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір