• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 12:37:46
Алматы
+12°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың тізімін жариялауды жоспарлап отыр. Тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі көрсетіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомство жемқорлар тізілімі жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді деп есептейді.

“Жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ, Парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралып жатыр. Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарламасы бар осындай сөз түсінілетін болады”, – делінген хабарламада.

Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жемқорлық тізім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір