• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 21:31:13
Алматы
+9°

14 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Jusan bank Қазақтелекомның 9 пайыз акциясын сатып алды

QAMS сарапшыларының пікірінше, KASE-дегі «Қазақтелеком» акцияларының күндізгі сауда-саттық көлемі 32,8 млрд теңгеге (70 млн доллардан астам) қаржыны құрайды. Әрі бұл қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) бұл іске экс-президенттің немере інісі, сотталған Қайрат Сатыбалдының қатысы болуы мүмкін деген болжам айтады

Сурет ғаламтор желісінен алынды

First Heartland Jusan Bank Қазақстан қор биржасында «Қазақтелеком» АҚ-тың 983 мың жай акциясын сатып алды. Бұл – байланыс операторының орналастырылған жай акцияларының 9 пайызы ғана, – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

QAMS сарапшыларының пікірінше,  KASE-дегі «Қазақтелеком» акцияларының күндізгі сауда-саттық көлемі 32,8 млрд теңгеге (70 млн доллардан астам) қаржыны құрайды. Әрі бұл қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) бұл іске экс-президенттің немере інісі, сотталған Қайрат Сатыбалдының қатысы болуы мүмкін деген болжам айтады.

Сондай-ақ сатып алынған акциялардың көлемі BANK OF NEW YORK MELLON DRS (9,77%) номиналды ұстаушысының пакетімен сәйкес келеді. Jusan тобының акционерлері арасында акцияларды қайта бөлу туралы болған. Қаржы институты Jusan Bank-тің Қазақтелекомның 9,18 пайыз жай акцияларын сатып алғанын растай отырып, олардың бағасы «сатып алу кезінде KASE-де қалыптасқан нарықтық баға» екенін көрсетеді.

Ал KASE cайтында мұндай бір күндік «берекелі» сауда көлемінің тұтас бір жылғы көрсеткіші – $81,2 млн-нан сәл ғана аз екені жазылған. QAMS мәліметтері бойынша, дүйсенбіде 980 мыңнан астам акция (орналастырылған акциялар санының 9,15%) бір шоттан екіншісіне өткен. 11 қыркүйектегі мәміле Астана уақытымен 16:27-де бір акцияға 33 370 теңге бағамен үш транш ретінде жасалған.

Айта кетейік, бұған дейін Jusan Bank «Kcell» АҚ-пен қызмет көрсетуге байланысты банк ісі саласында бірлескен жобаны жүзеге асырып, акциялардың 10 пайыздан астамын иеленген болатын. Сондай-ақ, Kcell ұялы байланыс операторына «Қазақтелеком» (51%), «First Heartland Jusan Bank» (9,08%) және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (7,06%) иелік етеді. Осылайша, банк Tele2/ALTEL желісі негізінде Jusan Mobile виртуалды ұялы байланыс операторын іске қосқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір