12 Қыркүйек, 2023 Әлем
Фото: ThePhuketnews.com
Италияда үш қазақстандық Пхукет қаласында тұратын ауқатты азаматты соққыға жықты деп айыпталып жатыр. Бұл туралы жергілікті ThePhuketnews.com сайты хабарлады. Қазақстандықтардың аты-жөні аталмады. Бірақ олардың ресейлік ММА балуаны Хусейн Асхабовпен және оның егіз ағасымен келісіп ұрлыққа түскенін жазған.
Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, бесеуі бірігіп Пхукеттің курортық ауданы Чернгталайдағы италияндықтың вилласына баса-көктеп кірген. Олар керек ақпаратты алу үшін үй иесін бірнеше сағат бойы аяусыз ұрып-соққан. Кейін үш қазақстандық Пхукеттен Дубайға ұшып кеткен. Тергеу жұмыстарының ақпараты бойынша олар 156 млн теңгені алып, Қазақстанға оралған.
Ал ресейлік спортшыларды Италия полициясы ұстап үлгерген. Олардың қамауға алынғанын қалалық полиция бөлімшесі растап отыр.
Тай полициясының есебінде зардап шеккен азаматтың Rolex Daytona, Patek Philippe Nautilus және Graff сағаттарын ұрланғаны айтылады. Бұл заттардың әрқайсысы бірнеше миллион батқа бағаланады. Сондай-ақ ұрланған заттар тізімінде: Macbook, жаңа iPhone 13 және iPhone 14, күннен қорғайтын көзілдірік бар.
Бұған қоса, олар италиялықтың төлқұжатын, Абу-Даби ислам банк картасына, телефондарына, сейфіне және компьютерлеріне кіру парольдерін ұрлаған.
Жәбірленуші шабуыл жасаған үш қазақстандықты бұрын-соңды көрмегенін айтты. Алайда ол ағайынды Асхабовтармен былтыр Чернгталиядағы кафелердің бірінде танысқан.
Италия билігі оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасамады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір