• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Шілде, 19:16:26
Алматы
+35°

Қамауда отырған журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады. Ол бұл жолы өзін дәрігерлерге қаратуды талап етіп отыр. 

"Думанның денсаулығы бойынша ауруханаға апарсын деп бірнеше хат жаздық. Кейін Думанға дәрігерлер келген, олар "сені ауруханаға жатқызамыз" деп айтқан. 2-3 күн өтті, ешкім келмеген. Дәрігерлер емдетеміз деп, өз сөздерінде тұрмады. Думанның аштық жариялау себебі осыдан. Ол дәрігерлер келсе, аштықты тоқтатамын деп айтты"– деді журналисттің адвокаты Ғалым Нұрпейісов.

Адвокаттың айтуынша, журналистің бүйрегі мен асқазаны сыр бере бастаған. Нұрпейісов журналиске медициналық көмек керек екенін жеткізді. Ол Думан Мұхаммедкәріммен 31 тамыз күні кездескен. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. 

"Бүгін әкесімен бірге Думанға кірдік. Тергеуші жауап алайын деп, тергеу жүргізуге тырысқан. Думанның Алматыға ауыстыру туралы талабы орындалмады, сондықтан ол бұдан бас тартатынын айтты"– деп хабарлады адвокат.

Еске сала кетейік, Думан Мұхаммедкәрім бұған дейін де аштық жариялап, денсаулығына қатысты аштығын тоқтатқан болатын. Адвокат ол кезде оның көп салмақ жоғалтқанын хабарлаған еді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір