21 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: kapital.kz
"2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
• ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
• мемлекттің базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
• ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
• айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
• әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге болады.
Сондай-ақ, тұрғын үй және коммуналдық төлем төлеуге арналған ай сайынғы ақшалай өтемақы мөлшері әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне 3 739 теңге мөлшерінде белгіленеді. Құжат жобасы 4 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір