• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қазан, 02:21:45
Алматы
+9°
FlyArystan әуе компаниясы әуежайда халықаралық рейстерге ақылы тіркеу қызметін бір күнге жетпей тоқтатты.
 
Лоукостер 3 тамыздан бастап әуежайда тіркелу қызметін ақылы еткен. Осыдан кейін әлеуметтік желіде әуе компаниясын сынға алған адамдар көбейді. Бүгін компания ақылы қызметті тоқтататынын мәлімдеді.
 
"Өкінішке қарай, халықаралық рейстерге арналған қызметті іске қосу кезінде лоукостер күтпеген қиындықтарға тап болды. Осыған байланысты барлық мәселе шешілгенше осы қызметті енгізу жұмысы уақытша тоқтатылды. Әуе компаниясы әуежайда ақылы тіркеу қызметін сатып алған жолаушылардың ақшасын қайтарып береді", - делінген ресми хабарламада.
 
Айта кетері, онлайн тіркелу қызметіне қатысты өзгеріс болмаған. Ол тегін болып қала береді.
 
"Бұл халықаралық саяхаттар үшін өте тиімді тәсіл. Жазғы уақытта әуежайда адам көп. Ал онлайн тіркелудің арқасында ұзын-сонар кезектер пен кептелістен құтылуға болады", - дейді компания мамандары.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ұшақ ақылы тіркеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір