• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 06:40:46
Алматы
+12°

Үкімет Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес қалада білім беру мекемелерінің саны екі есеге өседі. 27 жыл ішінде 2 538,2 мың шаршы метр аумақта тұрғын үй салынады. 

Тәулік бойы емханалар мен жедел жәрдем станцияларын да көбейту жоспарланған. Сондай-ақ, қала уақыт өте келе Алматы облысының орталық көлік-логистикалық нүктесіне айналуы тиіс.

Еске салайық, Қонаев 2022 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысының орталығы боп бекітілген. Мұнда шамамен 54 мың адам тұрады. Қаланың жалпы ауданы — 56,03 ш.м.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қонаев қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір