• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 10:04:57
Алматы
+12°

Енді электрондық үкімет порталы арқылы теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыруға өтініш берерде биометриялық сәйкестендіру рәсімінен өтуі қажет. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. 

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырғанда бұл рәсім 3 рет: емтихан алдында, емтихан кезінде және емтихан аяқталған соң қайталанады. 

Теориялық емтихан тапсыруға арналған сыныптар сигналдарда басуға арналған арнайы жабдықтар, бейнебақылау камералары мен емтиханның таза өткенін қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталуға тиіс.

"Теориялық емтихан өткізгенде кандидат материалдар алмасып, теориялық емтихан тапсыру залынан шығып, қағаз, электрондық тасымалдағыштардағы ақпаратты және қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды пайдаланса, емтихан қабылданбайды. Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұзу туралы акт жасалып, кандидатқа "тапсырған жоқ" деген баға қойылады. Теориялық емтиханды қайта тапсыруға үміткер кемі үш айдан кейін ғана жіберіледі", – делінген ІІМ жариялаған бұйрықта. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір