• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Шілде, 18:40:28
Алматы
+35°

28 шілдеге қараған түні қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің он шақты жақтасы Қонаев қаласындағы Алматы облыстық прокуратурасының алдында түнеп шықты.

Олар аштық жариялап жатқан қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің талаптарын орындап, оны Талдықорғаннан Алматыдағы тергеу изоляторға ауыстырмайынша бұл жерден кетпейтінін айтқан. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Жұма күні күндіз прокуратура алдына жиналғандар қарасы көбейе түскен.

Белсенді Мұрат Оспановтың айтуынша, түнгі сағат 12-лер шамасында полиция қызметкерлері олардың не үшін тұрғандарын сұраған. Бірақ прокуратура алдына қонуларына кедергі жасамаған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық прокуратураның Думан Мұхаммедкәрімді Алматыдағы тергеу изоляторына ауыстыруға келіскені хабарланған еді. Адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, 5 шілдеден бері аштық жариялап жатқан журналист Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайы нашар. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: думан мұхаммедкәрім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір