• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 21:20:53
+9°

Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колонияда қақтығыс болды. Қақтығыстан кейін 4 адам зардап шекті деп жазады КазТАГ. 

«2023 жылдың 14 шілдесінде ШҚО бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде әкімшілік қызметкерлері тұрмыстық негізде туындаған жанжалды жағдайды тоқтатты. Факті мәлімет кітабына тіркеліп, тергеу-жедел тобы шақырылды. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Қақтығыс кезінде төрт сотталушы жеңіл дене жарақаттарын алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жанжалға кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тәртіптік изоляторға қамалды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды осы колонияда жазасын өтеп жатыр. Бір күн бұрын интернетте оқиғаның салдарынан төрт адамның пышақталғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір