• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қазан, 02:18:25
Алматы
+9°
Келесі аптада шетелде есептен шығарылмаған көліктерді уақытша тіркеу шаралары басталады. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
 
Шетелдік көліктерді заңдастыру барысында көптеген жүргізушілер өз көлігін өзге елдің есебінен шығара алмады. Ондай автокөліктерді заңдастыруды кейінге қалдыруға шешім қабылданды. Бірақ оларды уақытша тіркеуге қою қажет.
 
"Уақытша есепке қою кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмірлік белгілері берілетін болады Тіркеу туралы куәлікте "уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз" деген жазбалары көрсетіледі", - деді Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
 
Ал шетелдік тіркеу құжаттары мен мемлекеттік белгілері мемлекеттік корпорацияға сақтауға тапсырылатын болады.
 
Оның айтуынша, уақытша тіркеуге қойылған автокөліктерді елден тыс жерлерге әкетуге шешім қабылданса, Қазақстанның тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыру керек. Содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылады.
 
"Ал егер осы авткөліктерді Қазақстан азаматтары Қазақстанда бастапқы тіркеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, алдымен, бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарады. Сосын 200 000 теңге мөлшерінде бастапқы тіркеу үшін алым төлейді. Яғни, оларға заңдастыру шарттары қолданылатын болады және утилизациялық алым төленбейді", - деп атап көрсетті Сұлтанбаев.
 
Уақытша тіркеу шаралары 17 шілдеде басталады. Қазіргі кезде ондай көліктерді уақытша есепке қою үшін тиісті сервис әзірленіп жатыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір