• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 07:48:16
Алматы
+12°

Көрнекті қазақстандық ғалым, Экономикалық зерттеулер институтының аңыз адамы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, еліміздегі экономикалық-математикалық модельдеудің ғылыми бағытын жасаушы 85 жастағы Сайлау Байзақұлы Байзақов дүниеден өтті - деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жарты ғасырдан аса нәтижелі ғылыми қызметінде Сайлау Байзақов экономика ғылымдарының 30-дан аса докторы мен 100-ге жуық кандидатын қоса алғанда, экономистердің тұтас бір плеядасын тәрбиелеп, өсірді, олардың көпшілігі әлі күнге дейін мемлекеттік басқару органдарында жоғары басшылық қызметтерде жұмыс істейді.

Сайлау Байзақов 1937 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында туған. Ол - экономика ғылымның докторы, профессор.

1964-1976 жылдар аралығында - Экономикалық зерттеулер институтының компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

1976-1985 жылдар аралығында - Экономикалық зерттеулер институты директорының орынбасары.

1986-1993 жылдар - Менеджмент ғылыми-зерттеу институтының директоры.

1994-1995 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Жоғарғы кеңесінің бас сарапшысы.

1996-1999 жылдар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының директоры.

1999-2002 жылдар аралығында - Tacis EDKZ 9602 жобасының жергілікті кеңесшілерінің жетекшісі.

2003-2004 жылдар аралығында - Климаттың өзгеруін үйлестіру орталығының макроэкономикалық тобының жетекшісі.

2004-2008 жылдар аралығында - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ғылым жөніндегі вице-президенті.

2008-2010 жылдар аралығында - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ғылыми директоры.

2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығының ғылыми жетекшісі - директоры.

150-ден аса жарияланымдары бар, оның ішінде нарықтық экономика, макроэкономикалық болжау, сауда саясатын талдау, 50-ден астам оқу материалдары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір