• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 11:02:45
Алматы
+12°

Ұлытау облысында Қазақстанның солтүстігін Ресейге беруді ұсынған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазТаг агенттігі хабарлады. 

Ол "ел тұтастығын бұзуға үгіттеу" бабы бойынша айыпталуда, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Жезқазған азаматы чат-рулеткада Қазақстанның солтүстік өңірін Ресейге беруді ұсынған. Бейнежазба әлеуметтік желіде таралғаннан кейін бірқатар жезқазғандық полициядан әрекетке көшуді талап еткен еді.

Ал кейіннен Сысоевтың өзі қазақстандықтардан кешірім сұрап, бейнежазба жариялаған болатын. Онда ол өзінің чат-рулеткаға мас күйде кіргенін айтқан.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сепаратизм ұлытау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір