26 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматыда шетелдік нөммірмен жүрген көліктерді заңдастыруды талап еткен 2 белсенді қамауға алынды. Бұл туралы белсенді Марат Тұрымбетов өзінің facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
Ұсталған белсенділерге “митингіге шақырғаны үшін” (488-бап, 7-бөлік) айып тағылған. Белсенділер бұған дейін 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін де елге әкелінген шетел көліктерін заңдастыру мәселесін көтерген.
Жексенбі күні белсенділер митинг өткізетінін хабарлаған. Кейін митингтің кейінге шегерілгенін айтқан. Бұған қарамастан полиция қызметкерлері белсенділерді ұстап алып кетті.
Еске салсақ, елде шетел көліктерін заңдастыру мерзімі 1 шілдеде аяқталады. Одан кейін тіркеусіз жүргендерге айыппұл салынатыны хабарланған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір