• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:39:54
Алматы
+35°

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тиісті жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынды. Бас жоспардағы алғашқы жобалардың бірі – жалпы ауданы 72 га болатын қаланың сол жағалауындағы ескі тұрғын үйлердің орнына жаңа шағын аудан салу. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, биыл 70 аула аумағын, 15 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған.

лщз

дж

«Болашақта жасыл желектерді күту үшін жергілікті суару жүйесінің бірыңғай схемасы жасалады. 60 шақырым жолды жөнделмек. Сондай-ақ қаланың сәулеттік келбетін реттеуге, оның архитектуралық бірегейлігін қалпына келтіруге, неғұрлым біртекті тартымды қалалық ортаны құруға мүмкіндік беретін бірыңғай дизайн код құру жоспарлануда», - деді облыс басшысы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Семей Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір